Жастардың діни сауаттылығын арттыру және радикалды идеологиялардың алдын алу жолдары
-
15 сәуір, 2025
Бүгін Менталды денсаулықты дамыту орталығының ұйымдастыруымен университет студенттерімен кездесу өтті. Арнайы қонақ ретінде Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мүшесі, дінтанушы, еліміздегі діни ахуал мен радикалды идеологиялардың алдын алу саласында тәжірибелі маман Дүнгенбек Мадияр Жанғазыұлы шақырылды. Шара жастардың діни сауаттылығын арттырып, олардың экстремистік идеологияларға қарсы тұру қабілеттерін дамытуға бағытталды.
Кездесу барысында Мадияр Жанғазыұлы қазіргі еліміздегі діни ахуал, интернет кеңістігінде радикалды идеологиялардың таралуы, олардың жастар санасына тигізетін ықпалы және діни сауаттылықтың маңыздылығы туралы жан-жақты түсіндірме берді.
Сонымен қатар дін мен дәстүрдің, ұлттық құндылықтардың өзара байланысы жөнінде сөз қозғап, жалған діни ағымдардың белгілері мен олардың қоғамға тигізетін кері әсерлері туралы нақты мысалдар келтірді.
Студенттер маманға көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасты. Кездесу тәрбиелік және ақпараттық мәнге ие болып, жастар арасында діни сауаттылықты арттыруда өз үлесін қосты.
Бөлісу: