Докторлық диссертацияны жазу және ресімдеудің жаңа талаптары
-
16 сәуір, 2025
Университет Ғылыми кеңесінің шешімімен әлемдік стандарттарға сәйкес әзірленген «Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған докторлық диссертацияны жазу және ресімдеу» жөніндегі жаңа Ереже бекітілді.
Осыған орай, докторанттар мен ғылыми жетекшілерді жаңа нормативтік құжатпен таныстыру мақсатында PhD Talks сериясы аясында «Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған докторлық диссертацияны жазу және ресімдеудің жаңа талаптары» тақырыбында ақпараттық семинар өткізілді.
Аталған Ереже философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін ұсынылатын докторлық диссертациялардың құрылымы, көлемі және ресімдеу қағидаларына қойылатын жалпы талаптарды айқындайды.
Семинар барысында қатысушылар диссертацияны халықаралық талаптарға сай дайындау үдерісінің негізгі аспектілерімен танысты.
Бұл іс-шара докторанттардың ғылыми зерттеу жұмыстарының сапасын арттыруға, сондай-ақ ғылыми мәтінді құрылымдау және ресімдеу дағдыларын жетілдіруге зор мүмкіндік берді.
Бөлісу: