SHEKSIZDIK
-
16 сәуір, 2025
15 сәуір күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институтының ұйымдастыруымен "SHEKSIZDIK" атты әсерлі махаббат кеші өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу күнін ұлықтау арқылы жастардың бойында ұлттық рухани құндылықтарды, шынайы сезім мен адал махаббатты дәріптеу болды.
Кеш барысында көрермендер поэзиялық шығармалар, әуезді музыкалық қойылымдар, сахналық көріністер және терең мағыналы әсерлі сәттерге куә болды.
Бұл кеш – махаббаттың тек сезім ғана емес, терең рухани байланыс, тазалық пен сенімге негізделген қасиетті ұғым екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
“SHEKSIZDIK” көрерменнің жүрегіне жол тауып, махаббаттың мәңгілік құндылық екенін ұғындырған мазмұнды кеш болды.
Бөлісу: