Отбасылық құндылықтар: Дәстүр мен жаңашылдық



    • Отбасылық құндылықтар: Дәстүр мен жаңашылдық

      Білім ордамызда Педагогика және психология институты, Арнайы педагогика кафедрасы және қалалық әкімшіліктің бірлесуімен «Отбасылық құндылықтар: Дәстүр мен жаңашылдық» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

      Іс-шараның мақсаты – қоғамдағы отбасылық институттың рөлін айқындау, ұлттық дәстүр мен қазіргі заман құндылықтарының үйлесімділігін талқылау.

      Семинар бағдарламасы аясында арнайы педагогика білім беру бағдарламасының студенттері мазмұнды баяндамалар жасап, өз көзқарастарын ортаға салды. Шара барысында «Ана болу» тақырыбындағы бейнеролик көрсетіліп, қатысушылардың жүрегінен орын алды.  

      Студенттер шығармашылық көрініс ұсынып, отбасы құндылықтары туралы пікірлерін білдірді. Сонымен қатар қазақтың дәстүрлі күй өнері орындалып, көрермендерге рухани серпіліс сыйлады. Қонақтар тарапынан семинардың мазмұны мен ұйымдастырылуына байланысты жылы лебіздер мен құнды ұсыныстар айтылды.

      Кездесу соңында қорытынды сөз айтылып, қатысушыларға алғыс білдірілді. Іс-шара фотосессия және еркін пікір алмасумен аяқталды.

      Бөлісу: