Географиялық білім берудің заманауи парадигмалары
-
14 сәуір, 2025
Ғылым күніне орай География кафедрасының ұйымдастыруымен «Ғылым декадасы» аясында «Географиялық білім берудің заманауи парадигмалары» тақырыбында ғылыми семинар өткізілді. Семинар география және геоботаника пәндерін оқыту саласындағы өзекті тәсілдер мен жаңа үрдістерді талқылауға арналды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – географиялық білім беру саласында қызмет ететін оқытушылар, ғалымдар және сарапшылар арасында тәжірибе мен білім алмасу үшін алаң құру, сондай-ақ еуразиялық кеңістіктегі білім беру жүйесінің қазіргі жағдайы мен болашағын талдау болды.
Семинар спикерлері: Сарқытқан Қастер – география ғылымдарының кандидаты, профессор, ҚР Журналистер одағының мүшесі, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің оқытушысы (Алматы қ., Қазақстан); Әлібек Ыдырысұлы – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Биомедицина ғылыми-зерттеу орталығының директоры, биологиялық ғылымдар бағыты бойынша профессор, PhD, Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.
Семинар барысында жаһандану, цифрландыру және білім беру парадигмаларының өзгеруі жағдайында географиялық білімнің дамуына әсер ететін негізгі теориялық және практикалық аспектілер қарастырылды.
Бөлісу: