Жасанды интеллект – жаңа дәуір бастамасы



    • Жасанды интеллект – жаңа дәуір бастамасы

      12 сәуір күні Бейресми білім беру орталығының ұйымдастыруымен студенттерге арналған «Жасанды интеллект – жаңа дәуір бастамасы» атты воркшопы өтті. Іс-шараны педагог-инноватор, Temirbek Academy негізін қалаушы, жасанды интеллект құралдарын меңгеруге арналған практикалық курстардың авторы Темірбек Нұрғазыұлы жүргізді.

      Іс-шара барысында жасанды интеллектіні тиімді пайдалану, кәсіби цифрлық шеберлікті дамыту және педагогтерге қажетті AI құралдарын қолдану мәселелері талқыланды. Сонымен қатар қатысушылар практикалық тапсырмалар орындады.

      Жиын барысында цифрлық дәуірде сұранысқа ие маман болудың маңыздылығы атап өтілді. Осы орайда цифрлық технологияларды жоғары деңгейде меңгеру, сондай-ақ жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдану бәсекеге қабілеттілікті арттырудың негізгі факторларының бірі екені атап көрсетілді.

      Бұл кездесу жастардың цифрлық мәдениетін қалыптастыруға, білім беру үдерісіне заманауи технологияларды енгізуге және бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған маңызды бастама болды. Жасанды интеллект құралдарын меңгеру арқылы қатысушылар жаңа дәуір талаптарына сай білім мен біліктілік деңгейін арттырды.

       

       

      Бөлісу: