IELTS ҚҰПИЯЛАРЫ: САРАПШЫМЕН КЕЗДЕСУ



    • IELTS ҚҰПИЯЛАРЫ: САРАПШЫМЕН КЕЗДЕСУ

      Бүгін Университетімізде студенттердің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, IELTS емтиханы бойынша маман Дана Бахытовамен кездесуі өтті.

      Шараны Жастар саясаты орталығына қарасты студенттік өзін-өзі басқару ұйымы — “Juz40” ұйымдастырды.

      Студенттерге IELTS емтиханына дайындалу жолдары мен ағылшын тілін меңгеру бойынша маңызды кеңестер беру — кездесудің басты мақсаты.

      Жиын барысында Дана Бахытова IELTS емтиханының құрылымы мен талаптары туралы айтып, студенттерге дайындықты қалай тиімді ұйымдастыру керек екендігі жөнінде практикалық кеңестер берді. Сонымен қатар білім алушыларға тіл үйренудің тиімді әдістері мен халықаралық емтихандарға дайындықтың қыр-сырын жан-жақты түсіндірді.

      Бұл кездесу студенттерге көптеген пайдалы ақпарат пен жаңа мүмкіндіктер ұсынды. Білім алушылар халықаралық емтихандарға дайындық барысында кездесетін қиындықтарды еңсеру жолдарын меңгерді.

      Шара соңында студенттер білікті маманға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кәсіби жауаптар алды.

      Бөлісу: