ЖҰМАДАҒЫ ЖҮЗДЕСУ



    • ЖҰМАДАҒЫ ЖҮЗДЕСУ

      Білім ордамызда «Кәсіби тәжірибе және мансап» бөлімінің ұйымдастыруымен «Жұмадағы жүздесу» жобасы аясында «Ұстаздықтан – кәсіпкерлікке: Арманнан мақсатқа» тақырыбында кездесу өтті.

      «Жұмадағы жүздесу» жобасының алғашқы қонағы – «Икигай» жеке меншік мектебінің негізін қалаушы, педагог-ментор, Алматы жыл мұғалімі Әбдіхалықов Елдар Ерікұлы.

      Білім саласындағы білікті мамандармен-жұмыс берушілермен сұхбаттастыру, түлектерге тұрақты жұмыс орындарын табуға көмектесу, жас мамандарды өз мамандықтары бойынша еңбек нарығына тиімді енгізу – жобаның басты мақсаты.

      Іс-шара барысында студенттердің кәсіби бағдарлануы, еңбек нарығында өз орнын табуға көмектесу және жас мамандардың мансап жолындағы қиындықтарды еңсеру тақырыптары талқыланды. Сондай-ақ педагог-ментор білім беру саласындағы еңбек нарығына бейімделу тәсілдері туралы құнды кеңестерімен бөлісті.

      Бұл кездесу жастарға  ұстаздықтан кәсіпкерлікке өту жолдарын көрсетудің маңызды қадамы болды. Мұндай шаралар студенттерге болашақта табысты маман болуға жол ашады.

      Бөлісу: