«Уайым»: Жетістікке жету жолындағы мотивациялық кездесу



    • «Уайым»: Жетістікке жету жолындағы мотивациялық кездесу

      Бүгін білім ордамызда «QyzPU патриоттары»мен «Шуақ» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен студенттерге арналған  «Уайым» атты мотивациялық тренинг өткізілді. 

      Аталмыш шараға «Шуақ» қоғамдық қорының төрағасы, Педагогикалық шеберлік академиясының жетекшісі, «Өз мамандығыңның мастері бол» жобасының тренері әрі тәжірибелі ұстаз Баймұрат Анарбекұлы арнайы шақырылды.

      Жастардың өз мамандығына деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткен кездесуде Баймұрат Анарбекұлы студенттерге арманға жету жолында қандай ішкі қайшылықтарды жеңу қажеттігі туралы құнды ақпарат беріп, уайымға салынбаудың тәсілдерімен бөлісті. Сонымен қатар өз ісіңнің нағыз майталманы болудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

      Кездесу барысында студенттер тәжірибелі маманға көкейкесті сұрақтарын қойып, мазмұнды жауаптар алды. Бұл тренинг болашақ мамандарға өз кәсібіне деген сүйіспеншілікті арттырып, мақсаттарын айқындауға үлкен септігін тигізді.

      Бөлісу: