Кезекті PhD talks ғылыми сериясы



    • Кезекті PhD talks ғылыми сериясы

      Бүгін QyzPU-да «Әлемдік және отандық тәжірибедегі кілт сөздерді зерделеу негізінде педагогикалық зерттеулердің трендтері мен үрдістерін анықтау» тақырыбында ғылыми қонақ дәрісі өтті.

      Дәрісті Шәкәрім атындағы университеттің Педагогикалық зерттеулер ғылыми орталығының басшысы, қауымдастырылған профессор Жолымбаев Оралтай Мұратханұлы жүргізді. Интерактивті форматта өткен ғылыми дәріске QyzPU ғалымдары және PhD докторанттар қатысты.

      Педагогикалық зерттеулердің әлемдік және отандық трендтерін анықтау, ғылыми бағыттарды, кілт сөздерді зерделеу арқылы зерттеулердің өзекті мәселелерін талқылау және ғылыми қоғамдастық арасында тәжірибе алмасуды дамыту – шараның басты мақсаты.

      Жиын барысында педагогикалық зерттеулердің әлемдік және отандық тәжірибелеріндегі қазіргі трендтер мен үрдістер талқыланды. Ғылыми кілт сөздерді зерделеу негізінде педагогикалық зерттеулердің дамуы мен бағыттары қарастырылып, зерттеулердің өзекті мәселелері, жаңа әдіс-тәсілдер мен ғылыми бағыттар айтылды. 

      Сонымен қатар шарада PhD докторанттары мен ғалымдарға зерттеулерінің сапасын арттыру және заманауи талаптарға сәйкес жаңаша көзқарас қалыптастыруға бағытталған ұсыныстар берілді.

      Бұл ғылыми дәріс педагогикалық зерттеулер саласындағы жаңа тенденцияларды зерделеуге ықпал етіп, ғылыми әлеуетті арттыру мен жұмыстарының сапасын жақсартуға маңызды рөл атқарды.

      Бөлісу: