QyzPU WorldSkills Almaty 2025 кәсіби шеберлік чемпионатының көрмесіне қатысты
-
09 сәуір, 2025
Бүгін QyzPU Кәсіби білім беру колледжі Х аймақтық WorldSkills Almaty 2025 кәсіби шеберлік чемпионатының көрмесіне қатысып, білім беру саласындағы жаңа мүмкіндіктерді насихаттады.
Көрмеге 40 колледж және Алматы қаласының білім беру мекемелерінен 5000-ға жуық оқушы қатысты. Іс-шара барысында Алматы қаласындағы мемлекеттік және жеке меншік колледждер өз мамандықтары, тарихы мен артықшылықтары туралы мектеп оқушыларын ақпараттандырды.
Бұл жиын жастардың кәсіби бағытта дамуына зор ықпал етіп, олардың болашақтағы мамандық таңдауларына пайдалы тәжірибе жинақтауға мүмкіндік туғызды.
Бөлісу: