Өндірістік практика мен дуалды оқыту: болашаққа қадам
-
09 сәуір, 2025
Бүгін QyzPUжәне «Жекеменшік білім беру ұйымдарының республикалық қауымдастығы» ЗТБ арасындағы ынтымақтастық меморандумы аясында кездесу өтті. Іс-шара 2025-2026 оқу жылында бітіруші курс білім алушыларының өндірістік-педагогикалық практикасын ұйымдастыру және өткізу мәселелерін талқылауға, сондай-ақ дуалды оқыту жүйесінің тиімділігі мен оны дамыту жолдарын қарастыруға бағытталды.
Кездесуге «Жекеменшік білім беру ұйымдарының республикалық қауымдастығы» ЗТБ жетекшісі Садықова Роза Шәріпқызы мен қауымдастық мүшелері қатысты. Қатысушылар дуалды оқыту жүйесінің оқу процесіне енгізілуі мен білім сапасын арттырудағы маңызы туралы өз пікірлерін білдіріп, тәжірибе алмасу арқылы білім беру саласын жетілдіру бойынша ұсыныстар жасады.
Жиын барысында аталған мәселелерге қатысты бірқатар ұсыныстар мен шешімдер қабылданып, болашақта бұл бағытта тиімді жұмыстар жүргізу үшін ынтымақтастықты күшейту қажеттілігі атап өтілді.
Бөлісу: