Елбасы: Білім біздің ұлттық идеямыз болу керек



    • Елбасы: Білім біздің ұлттық идеямыз болу керек

      НҰР-СҰЛТАН. 4 ақпан. Баспасөз орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті.

      Жиында Қазақстан Республикасының 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының негізгі бағыттары, сондай-ақ Қарулы күштерді қайта жарақтандыру мен қорғаныс өнеркәсібін дамыту жоспарлары қаралды.

      Жиынды ашқан Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы бүгінгі таңда басқа елдермен қатар Қазақстан да қауіпсіз ортаның сапалық өзгеру кезеңіне қадам басқанын атап өтті.

      Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев экономикалық қауіпсіздікті, киберқауіпсіздікті, ақпараттық қауіпсіздік пен адами капиталдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударды.

      – Нағыз қауіп – минералды-шикізат ресурстары бағасының құлдырауы емес, ұлттың интеллектуалдық әлеуетінің төмендеу қаупі. Бұл, бірінші кезекте, білім беруге қатысты. Біз осы сала бойынша дамыған елдерден әлі артта келеміз. Білім мен ілім таяу онжылдықта біздің ұлттық идеямыз болуы керек, – деп атап өтті Елбасы.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

      Бөлісу: