Білім беру ұйымдарында оқу үдерісін ұйымдастыру мәселелері бойынша әдістемелік семинар өтті
-
09 сәуір, 2025
QyzPU Филология институты, Қазақ әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен «Білім беру ұйымдарында оқу үдерісін ұйымдастыру: ЖОО – Колледж – Орта мектеп» тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді.
Семинарға жұмыс берушілер мен сарапшылар, Алматы қаласындағы орта мектептер мен гимназиялардың мұғалімдері, әдіскерлер, сондай-ақ жоғары оқу орнының профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.
Іс-шараның мақсаты – оқу үдерісін ұйымдастырудың тиімді жолдарын саралай отырып, білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту және оқу бағдарламаларының өзара үйлесімділігін арттыру.
Семинар барысында «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының орта мектепке арналған үлгілік бағдарламамен сәйкестігі жан-жақты қарастырылды. Сонымен қатар жоғары курс студенттерінің педагогикалық тәжірибеден өту базалары нақтыланып, түлектердің теориялық білімдерін тәжірибеде тиімді қолдану жолдары талқыланды.
Шара аясында жоғары оқу орындары, колледждер мен мектептер арасындағы білім беру бағдарламаларының мазмұнына сараптама жүргізіліп, оқу сапасын арттыру бағытында ұсыныстар жасалды. Сондай-ақ бітіруші түлектерді Алматы қаласындағы орта білім беру мекемелерінде жұмыспен қамту мәселелері көтеріліп, оны шешу жолдары ұсынылды.
Аталған іс-шара білім беру жүйесіндегі сабақтастықты қамтамасыз етуге және болашақ педагог мамандардың кәсіби дайындығын арттыруға өз үлесін қосты.
Бөлісу: