«Ақ періштем» — Нархоз кубогының жеңімпазы



    • «Ақ періштем» — Нархоз кубогының жеңімпазы

      Алматы қаласындағы Нархоз университетінің ұйымдастыруымен өткен «Jaidary time» атты жайдарман сайысы өз мәресіне жетті. Тартысты додада 7 команда бақ сынасып, әзіл мен тапқырлықта бәсекеге түсті.

      Жарыс қорытындысы бойынша, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Физика, математика және цифрлық технологиялар институты атынан қатысқан «Ақ періштем» жайдарман тобы ерекше өнер мен тапқырлық танытып, І орынды жеңіп алды.

      Команда Нархоз университеті ректорының кубогына ие болып, күлкі мен креативтің биік шыңына шықты. Бұл — тек әзіл ғана емес, студенттеріміздің жан-жақты дамуының жарқын дәлелі!

      Физика, математика және цифрлық технологиялар институтының «Ақ періштем» командасын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да шығармашылық шабыт пен толағай табыстар тілейміз!

      Бөлісу: