КИБЕРҚАУІПСІЗДІК – XXI ҒАСЫРДЫҢ БАСТЫ СЫН-ҚАТЕРІ



    • КИБЕРҚАУІПСІЗДІК – XXI ҒАСЫРДЫҢ БАСТЫ СЫН-ҚАТЕРІ

      Қыздар көшбасшылығы мен кәсіпкерлік орталығының ұйымдастыруымен киберқауіпсіздік тақырыбына арналған маңызды кездесу өтті. Аталмыш шараға ақпараттық қауіпсіздік саласының жетекші сарапшысы, MBA дәрежесінің иегері, CIO, «ГТС» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры Жанаргүл Абдрахманова арнайы қонақ ретінде шақырылды.

      Шараның басты мақсаты – ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне қоғам назарын аудару, заманауи киберқауіптер туралы түсінікті арттыру, ұйымдар мен жеке тұлғалардың ақпараттық қорғанысын күшейтуге бағытталған нақты кеңестер ұсыну. Сонымен қатар отандық мамандардың тәжірибесін бөлісу арқылы қазақстандық киберқауіпсіздік саласын дамытуға үлес қосу көзделді.

      Жанаргүл Абдрахманова – ақпараттық қауіпсіздік саласында көпжылдық тәжірибесі бар, ірі жобаларды табысты жүзеге асырған, саланың стратегиялық даму бағыттарына елеулі үлес қосып келе жатқан кәсіби маман. Кездесу барысында спикер заманауи киберқауіптердің түрлерін, олардың алдын алу тетіктерін, корпоративтік деңгейдегі қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру жолдарын және отандық әрі халықаралық тәжірибелерді мысалға ала отырып кеңінен баяндап берді.

      Цифрлық технологиялар қарқынды дамыған қазіргі дәуірде ақпараттық қауіпсіздік өзекті әрі күрделі мәселеге айналып отыр. Мемлекеттік мекемелерден бастап жеке секторға дейінгі барлық ұйымдар үшін бұл сала – стратегиялық маңызға ие.

      Іс-шара қатысушылары ақпараттық қауіпсіздікке қатысты құнды мәліметтер алып, өз салаларында қолдануға болатын практикалық кеңестермен танысты. Бұл кездесу – киберқауіпсіздікке тереңірек үңілуге және осы саладағы жаңа бағыттармен танысуға үлкен мүмкіндік болды.

       

      Бөлісу: