Су және қалдықтар: денсаулық пен экожүйеге әсері
-
08 сәуір, 2025
Бүгін Жастар саясаты орталығының жанындағы «Тұрақты даму» студенттік өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен белгілі эколог, «Recycle БІРГЕ» қозғалысының тең құрылтайшысы Пәкизат Сайлаубековамен «Су және қалдықтар: денсаулық пен экожүйеге әсері» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесудің басты мақсаты — су ресурстарының ластануы мен қалдықтардың қоршаған орта мен адам денсаулығына әсері туралы білімді арттыру, сондай-ақ тұрақты даму қағидаларын түсіндіру арқылы экологиялық жауапкершілікті қалыптастыру.
Шара барысында су ластануы, қалдықтардың жиналуы және олардың табиғи экожүйелер мен адам денсаулығына тигізетін әсері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар тұрақты даму аясында су ресурстарын сақтау мен қалдықтарды дұрыс басқарудың маңыздылығы жөнінде құнды ақпарат берілді.
Су ресурстарын қорғау және қалдықтарды дұрыс басқару — тек экология үшін ғана емес, сондай-ақ адам денсаулығы мен болашақ ұрпақтардың өмір сүру сапасы үшін де маңызды. Бұл кездесу экологиялық мәселелерді түсінудің маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетіп, әрбір қатысушының табиғатқа деген жауапкершілігін арттырды деп сенеміз.
Бөлісу: