• Study in Kazakhstan

      ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Ақтөбе облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен 3-4 сәуір күндері Ақтөбе қаласында 10-11 сынып оқушыларына арналған «Study in Kazakhstan» көрмесі өтті.

      Көрменің мақсаты – Қазақстаннан шықпай-ақ, шетелдік жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік жасау.

      Аталмыш іс-шараға 40-тан астам жоғары оқу орны қатысты. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінен Қабылдау және кәсіби бағдар беру бөлімінің бас менеджері Ажайып Аружан Қуанарқызы және менеджері Хамитова Гүлвира Серікқызы қатысты.

      Көрмені тамашалауға 3000-ға жуық 10-11 сынып оқушылары мен ата-аналары келді.

      Батыс Қазақстан өңіріндегі келесі көрме 7-8 сәуір күндері Атырау қаласындағы «Jaiyk» спорт кешенінде жалғасын табады.

      Бөлісу: