Педагогтарға арналған курс басталды



    • Педагогтарға арналған курс басталды

      АЛМАТЫ. 3 ақпан. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған біліктілікті көтеру курсы бастау алды.

      «Бастауыш сынып оқушыларының зерттеу (жобалау) қызметін педагогикалық сүйемелдеу» атты курс 72 сағатты қамтиды.

      Курс бағдарламасы келесі модульдер бойынша 5 сессиядан тұрады:

      1 модуль. Оқушылардың зерттеу (жобалау) қызметінің психологиялық-педагогикалық негіздері;

      2 модуль. Бастауыш сынып оқушыларының  зерттеу (жобалау) қызметінің ерекшеліктері;

      3 модуль. Бастауыш сынып оқушыларының зерттеу (жобалау) қызметін педагогикалық сүйемелдеу;

      4 модуль. Оқушылардың жобалау және зерттеу қызметін педагогикалық сүйемелдеудің әдістемесі, технологиясы және практикасы;

      5 модуль. Оқушылардың жобалау және зерттеу қызметінің нәтижелерін бағалауды қамтамасыз ететін диагностикалық әдістер мен құралдар.

      Лекторлар қатарында шетелдік және қазақстандық педагогикалық жоғары оқу орындарының білікті ғалымдары мен профессор-оқытушылары бар.

      Коронавирустық инфекция таралуының алдын алуға және карантиндік шараларға байланысты курсты оқыту қашықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып, онлайн форматта өтетін болады.

      Оқу тілі: орыс (курс материалдары қазақ тіліне аударылған).

      Курс нәтижесінде берілетін құжат: сертификат.

      Төлемақы: 10 000 теңге.

      Байланыс телефондары: 8 (727) 237 01 40, 8 (747) 403 37 60, 8 (775) 633 23 03.

      Айта кетейік, біліктілік курсы «Бастауыш сынып мұғалімдерінің  оқушылардың зерттеу (жобалау) қызметін педагогикалық тұрғыдан сүйемелдеуін қалыптастыру» жобасын іске асыру мақсатында қолға алынып отыр.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

       

      Бөлісу: