Қазақ биі: Өнердің шекарасыз әлемі



    • Қазақ биі: Өнердің шекарасыз әлемі

      Хореография және Арт-менеджмент кафедрасы халықаралық ынтымақтастықты нығайту және тәжірибе алмасуды дамыту мақсатында "Қазақ биі" бойынша шеберлік сынып ұйымдастырды.  

      Іс-шара қазақ би өнерінің шетелдегі даму бағытын зерттеуге бағытталды. Шеберлік сыныбын Шыңжаң өнер институтының Би академиясының оқытушысы, доцент Қастер Шаймұратұлы жүргізді.  

      Шараға "Хореография" білім беру бағдарламасының студенттері мен кафедра оқытушылары қатысты.Бұл шеберлік сыныбы қазақ би өнерінің бай мұрасын сақтап, оны халықаралық деңгейде танытуға бағытталған маңызды қадам болды. 

      Қастер Шаймұратұлының кәсіби білімі мен тәжірибесі студенттер мен оқытушыларға жаңа білім мен дағдыларды игеруге мүмкіндік берді. Мұндай іс-шаралар болашақ өнер мамандарының біліктілігін арттырып, мәдениетаралық диалогты нығайтуға үлес қосады.

      Бөлісу: