Кешір…
-
01 сәуір, 2025
Бүгін Ақ қауырсын ұйымының “Рүя” театры көрермендерге “Кешір…” атты әсерлі қойылымын ұсынды. Бұл спектакль отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынасты, кешірім мен түсіністіктің маңызын арқау етіп, көрермендерді терең ойға жетеледі.
Қойылым барысында жанұялық өмірдің күрделі сезімдері – өкініш пен мейірім, реніш пен кешірім сахнада шынайы бейнеленді. Актерлердің әсерлі ойыны мен жүрекке жететін диалогтары көрермендерді толғандырып, ерекше әсерге бөледі.
“Кешір…” қойылымы көрермендерге тек көркем туынды ғана емес, терең философиялық ой тастап, әр адамның жақындарымен қарым-қатынасын қайта қарауға мүмкіндік берді.
Бөлісу: