QyzPU Алматы қаласы бойынша Азаматтық қорғаныс саласында үздік атанды



    • QyzPU Алматы қаласы бойынша Азаматтық қорғаныс саласында үздік атанды

      Алматы қаласында «Азаматтық қорғаныс – халық қауіпсіздігінің кепілдігі» ұранымен өткен Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне арналған ақпараттық-насихаттау конкурсында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Тіршілік қауіпсіздігі мен азаматтық қорғаныс бөлімі І орынды иеленді.

      Байқауға Алматы қаласынан 50 команда қатысты. Университетіміздің атынан сайысқа түскен бөлім басшысы Найзабеков Олжас Манарбекұлы мен инженер Құрманбаев Нұрланхан Имагжанұлы жоғары кәсібилік танытып, университет беделін асқақтатты.  

      QyzPU ұжымы мен университет кәсіподағының Өндірістік Кеңесі жеңімпаздарды айтулы жетістігімен құттықтайды!

      Бөлісу: