Miss Institute of Pedagogy and Psychology 2025



    • Miss Institute of Pedagogy and Psychology 2025

      Көктемнің шуақты күндерімен бірге Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде дәстүрлі «Miss Institute of Pedagogy and Psychology 2025» арулар байқауы өтті. Бұл шара сұлулық пен ақылдың, талант пен білімнің ұштасқан мерекесіне айналды.

      Сайысқа қатысушы арулар төрт кезең бойынша сынға түсті: өзін таныстыру, өнер көрсету, сән көрсетілімі және сұрақ-жауап. Байқау барысында қатысушылар өздерінің білімдерін, өнерлерін және ерекше талғамдарын ортаға салып, көрермендер мен қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

      Кештің арнайы қонақтары мен әділқазылар алқасы ретінде университетіміздің профессорлық-оқытушылық құрам, белсенді жастар мен сұлулық байқауларының жеңімпаздары қатысты. Олар сайыстың әділ өтуіне өз үлестерін қосып, қатысушыларға бағаларын берді.

      Байқаудың басты ерекшелігі – аруларымыздың тек сыртқы сұлулығы ғана емес, ішкі мәдениеті, ұлттық құндылықтарға деген құрметі мен жан-жақты қабілеттерінің бағалануы.

      Шараның сәнін университетіміздің өнерпаз жастары ашып, кеш бойы бишілер мен әншілер өз өнерлерін көрсетті. Бұл байқау университетіміздің рухани-мәдени өміріндегі маңызды шаралардың бірі ретінде жастардың шығармашылық әлеуетін шыңдауға, олардың өзін-өзі дамытуына және болашаққа сеніммен қадам басуына ықпал етті.

      Сайыс қорытындысы бойынша «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу IP» білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Абдулла Балауса – ІІІ орын, «Әлеуметтік педагогика IP» білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Абдулла Тоғжан – ІІ орын, «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу логопеді IP» білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Диляра Ортаева – І орын, ал «Бастауышта оқыту IP» білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Базарбаева Береке бас жүлдені иеленді.

      Айта кетейік, әр институт бойынша жеңіске жеткен «Miss Institute – 2025» арулары іріктеле келе, алдағы уақытта «Miss QuzPU» байқауында сынға түседі.

       

      Бөлісу: