Өндірістік тәжірибе: Болашақ педагогтардың алғашқы қадамы
-
31 наурыз, 2025
20 қаңтар мен 29 наурыз аралығында "Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу" білім беру бағдарламасының 4 курс білім алушылары Алматы қаласының балабақшаларында өндірістік іс-тәжірибеден өтті. Бүгін студенттердің алған білімдері мен тәжірибелерін қорытындылау мақсатында конференция ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында студенттер өндірістік іс-тәжірибе кезінде балаларға қалыптастырған дағдыларымен (танымдық және зияткерлік, коммуникативті, әлеуметтік-эмоцияналды, шығармашылық-зерттеушілік, физикалық қасиеттерін дамыту) білімдерімен бөлісіп, өзара тәжірибе алмасты. Сонымен қатар олар практикаға қатысты өз ұсыныстарын білдірді.
Конференцияда оқытушылар студенттердің алғырлығы мен білімін жоғары бағалап, олардың болашақта білікті маман боларына зор сенім білдірді.
Студенттердің өндірістік іс-тәжірибесі олардың теориялық білімдерін практикада қолдануға мүмкіндік беріп, кәсіби дағдыларын дамытуға ықпал етті.
Конференция барысында алмасқан тәжірибе мен ұсыныстар болашақ маман ретінде олардың өсуіне, сондай-ақ білім беру саласындағы жетістіктеріне жол ашатындығы анық.
Бөлісу: