SUPER LIGA
-
27 наурыз, 2025
25 наурыз күні Алматы қаласындағы Алатау дәстүрлі өнер театрында Қазақстан КВН Одағы республикалық жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған «Super Liga» 1/8 финалдық ойындары өтті. Аталмыш сайыста 13 команда өзара бақ сынасты.
Үздіктер сынға түскен байқауда QyzPU-дың Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институтының Хореография және арт-менеджмент кафедрасының «Мәдени-тынығу жұмысы» білім беру бағдарламасының студенттерінен құралған «Көршінің қызы» жайдарман тобы үздік өнер көрсетіп, ¼ финалға жолдама алды.
Бұл нәтиже университет студенттерінің шығармашылық әлеуеті мен ұжымдық жұмысының жоғары деңгейде екенін көрсетеді. Алдағы кезеңдерде де «Көршінің қызы» жайдарман тобының университетіміздің абыройын арттыра беретініне сеніміміз мол. Жеңісті күндеріміз көп болсын!
Бөлісу: