Академиялық комитет отырыстарының нәтижелері бойынша есеп
-
21 наурыз, 2025
10-14 ақпан аралығында университетте білім беру бағдарламаларын жаңғыртуға арналған академиялық комитет отырыстары өтті. Бұл бастама білім беру бағдарламаларын еңбек нарығының заманауи талаптарына, студенттердің қалауына және білім беру стандарттарына сәйкестендіруге бағытталған.
Отырыстарға білім беру бағдарламаларының жетекшілері, оқытушылар, арнайы шақырылған сарапшылар, жұмыс берушілердің өкілдері және студенттер қатысты. Әсіресе, студенттер мен жұмыс берушілердің пікіріне ерекше назар аударылды. Себебі олардың ұсыныстары – білім беру бағдарламаларын жетілдірудің негізгі факторларының бірі.
Жиын барысында әрбір білім беру бағдарламасына жан-жақты талдау жүргізіліп, олардың сапасы мен практикалық маңыздылығын арттыруға арналған нақты ұсыныстар мен ескертулер жасалды. Барлық айтылған идеялар жүйеленіп, құжат түрінде рәсімделді.
Профессорлық-оқытушылық құрамының, жұмыс берушілер мен студенттердің жыл сайынғы академиялық комитет отырыстары аясындағы тұрақты жұмысы білім беру бағдарламаларын жүйелі түрде жаңартуға мүмкіндік береді.
Есеппен келесі сілтеме бойынша танысуға болады:
https://drive.google.com/file/d/1YR1KSyaXbxSo9ih3AxuIo-P7ZzZe-Bu7/view?usp=drive_link
Бөлісу: