QyzPU-да қалалық студенттік «Jas Gala - 2025» фестивалінің іріктеу кезеңі өтті



    • QyzPU-да қалалық студенттік «Jas Gala - 2025» фестивалінің іріктеу кезеңі өтті

      Бүгін Жастар саясаты орталығының ұйымдастыруымен «Jas Gala - 2025» студенттік көктем фестивалінің университетішілік іріктеу кезеңі өтті.

      Шараның басты мақсаты – талантты жастарды қолдау, олардың кәсіби дамуына жол ашу, адамгершілік құндылықтарды насихаттау, жоғары эстетикалық және интеллектуалдық талғамды қалыптастыру, сондай-ақ университеттік дәстүрлерді нығайту және студенттерді шығармашылық арқылы біріктіру.

      Іс-шараға Алматы қаласындағы жоғары оқу орындары мен колледж студенттері қатысып, вокал, хореография, мобилография, аспаптық орындау, театр өнері сияқты түрлі бағыттар бойынша іріктеуден өтті.

      Айта кетейік, байқаудың жүлде қоры 7 500 000 теңгені құрайды. «Jas Gala - 2025» фестивалі жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал етіп, Алматы қаласының студенттері үшін ерекше әрі маңызды оқиға болмақ. Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз!

      Бөлісу: