Бір ел – бір кітап
-
19 наурыз, 2025
Бүгін білім ордамызда «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында әдеби кітап көрмесі өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжімеденовтің шығармашылығын насихаттау, олардың әдеби мұрасын оқырмандарға таныстыру. Сонымен қатар Мұхтар Мағауиннің шығармашылығына арналған еске алу сәтін өткізу арқылы қазақ әдебиетіне деген құрметті арттыру. Студенттердің ұйымдастырушылық және шығармашылық қабілеттерін дамыту да іс-шараның маңызды міндеттерінің бірі болды.
«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжімеденовтің шығармаларын қамтитын арнайы кітап көрмесі дайындалды. Көрмеде авторлардың өмірбаяны, шығармалары және әдеби сын мақалалар ұсынылып, оқырмандар назарына ұсынылды. Студенттер ақын-жазушылардың шығармаларының мазмұнын баяндап, олардың негізгі идеяларын түсіндірді. Сонымен қатар Жұмекен Нәжімеденовтің өлеңдерін мәнерлеп оқу ұйымдастырылып, қатысушылар шығармалардың көркемдік ерекшеліктерін талқылады.
Қазақ әдебиетінің аса көрнекті жазушысы Мұхтар Мағауиннің шығармашылығына арналған арнайы бөлім өткізілді. Студенттер жазушының қазақ әдебиетіндегі рөлін талқылап, оның шығармаларынан үзінділер оқыды.Іс-шара барысында интерактивті сұрақ-жауап айдары ұйымдастырылып, қатысушылар шығармалар бойынша өз ойларымен бөлісті. Бұл бөлім оқырмандардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, іс-шараны танымды әрі қызықты етті.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжімеденовтің шығармашылығына деген қызығушылықты арттыруға ықпал етті. Мұхтар Мағауиннің еске алу сәті қазақ әдебиетіне деген құрметтің көрінісі болды. Оқырмандар мен студенттер шығармалардың мазмұнын терең түсініп, әдеби мұраға деген қызығушылығын білдірді. Осындай іс-шаралар ұлттық мәдени мұраны насихаттауға, әдебиетке деген сүйіспеншілікті арттыруға және жастардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға зор үлес қосады.
Бөлісу: