Болашаққа қадам: білім беру мен мансаптағы ғылымның рөлі



    • Болашаққа қадам: білім беру мен мансаптағы ғылымның рөлі

      Бүгін QyzPU-да Ғылым департаментінің директоры Айтенов Нурахмет Жомартовичтің қатысуымен «Болашаққа қадам: білім беру мен мансаптағы ғылымның рөлі» атты семинар өтті.

      Студенттердің ғылымға деген қызығушылығын арттыру, зерттеу дағдыларын дамытуға ынталандыру және олардың білім беру мен мансаптық өсудегі ғылыми зерттеулердің маңыздылығын түсінуіне ықпал ету – семинардың басты мақсаты. Іс-шараға университеттің студенттері белсенді қатысты.

      Кездесу барысында ғылымның білім беру мен мансаптағы рөлі, зерттеу дағдыларын дамыту және ғылыми жұмыстарға қызығушылықты арттыру, сондай-ақ ғылыми зерттеулердің мансаптық өсуге әсері талқыланды.

      Бұл семинар студенттерге ғылым әлеміне қадам жасап, зерттеу дағдыларыңызды жетілдіруге зор мүмкіндік берді.

      Бөлісу: