ҰЛТТЫҚ КИІМ – МӘДЕНИ МҰРАНЫҢ АЙНАСЫ



    • ҰЛТТЫҚ КИІМ – МӘДЕНИ МҰРАНЫҢ АЙНАСЫ

      Бүгін, 18 наурыз – Ұлттық киім күні. Осыған орай, «Наурызнама» онкүндігі аясында QyzPU ұжымы университетке ұлттық нақыштағы киім киіп келді.

      Қазақ халқының ұлттық киімі – оның терең тарихы мен бай мәдениетінің айқын көрінісі. Әрбір дәстүрлі киімнің өз ерекшелігі мен мән-мағынасы бар. Ол халықтың тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін, дүниетанымын және өнерін көрсетеді. Ұлттық киімдеріміз ғасырлар бойы қалыптасып, бүгінгі күнге дейін сақталып, ұлттық ерекшеліктің маңызды бөлігіне айналды.

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті ұжымы да бұл ұлттық құндылыққа ерекше мән беріп, оны сақтауға және насихаттауға зор көңіл бөледі. Университет ұжымы ұлттық киімдерді кию арқылы қазақ халқының терең тарихы мен бай мәдениетінің бір бөлігі ретінде оны қадірлей отырып, өздерінің ұлттық ерекшеліктерін көрсетуге үлкен үлес қосуда.

      Бұл күн тек қана дәстүрлі киімді кию емес, сонымен қатар ұлттық мәдениетімізге деген құрмет пен сүйіспеншіліктің белгісі. QyzPU бұл күнді ерекше құрметтеп, ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртуға айрықша назар аударады.

      Бөлісу: