Тіл үйренудің жаңа дәуірі: Эксперттік талқылау мен технологиялық шешімдер



    • Тіл үйренудің жаңа дәуірі: Эксперттік талқылау мен технологиялық шешімдер

      Университетімізде «Тіл үйренудің жаңа дәуірі: Эксперттік талқылау мен технологиялық шешімдер» атты сарапшылар бас қосқан семинар өтті.

      Іс-шара барысында Қазақстанның жетекші лингвистері мен білім беру саласының мамандары жиналып, «Turatalk: Қазақ тілін оқытуға арналған онлайн платформа» жобасын талқылады. Жоба мүшелері қазақ тілін онлайн оқытуға арналған оқу материалдарын құрастыру және платформаның дизайны мен құрылымы жөнінде презентациялар ұсынды.

      Сарапшылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, қазақ тілін оқытудың инновациялық технологиялары мен онлайн платформалардың тиімділігі туралы пікірлерін білдірді.

      Жиын соңында семинардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны үшін ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Закир Джумакуловқа «Тілтұран» командасы өз алғыстарын білдірді.

      Бұл іс-шара қазақ тілін оқыту жүйесінің болашағына үміт артып, білім беру саласындағы жаңа технологиялық бастамалардың даму бағытын айқындады.

      Бөлісу: