Басқарма Төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай QyzPU ұжымын Көрісу күнімен құттықтады



    • Басқарма Төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай QyzPU ұжымын Көрісу күнімен құттықтады

      Бүгін қазақ халқының көнеден келе жатқан ұлттық мейрамы – Көрісу күні. Осыған орай, Басқарма Төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай және Кәсіподақ Төрағасы Әділбекова Ләззат Махайқызы барлық институттар мен кафедралардағы профессорлық-оқытушылық құрамды осы айтулы күнімен құттықтады.

      Көрісу – үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін, ата-бабадан қалған рухани байланысты нығайтатын ерекше дәстүр.  Бұл мейрам «Амал мерекесі» деп те аталады. 

      Басқарма Төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай университет ұжымына: «Жақсылық болсын, жылдан-жылға аман-есен жете берейік! Сіздерге денсаулық, бақ-береке тілеймін! Еңбектеріңіз ақталып, Университетіміз биік белестерді бағындыра берсін» – деп, өзінің жылы ықыласын жеткізді.

      Бұл мерекелік күн университет ұжымының бірлігін нығайтып, рухани жақындасуына ықпал етті. Көрісу дәстүрі арқылы әріптестер бір-біріне ізгі тілектерін арнап, ортақ құндылықтарды дәріптеді. Ынтымақ пен сыйластықтың көрінісі болған бұл дәстүр ұжым арасындағы татулықты одан әрі бекіте түсті.

       

      Бөлісу: