PHd-ға қабылдау электронды түрде болады
-
02 ақпан, 2021
НҰР-СҰЛТАН. 2 ақпан. Баспасөз орталығы – 2021 жылы PhD докторантураға қабылдау тәртібі электронды форматқа ауыстырылады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов хабарлады.
«Біз магистратураға қабылдауды жаңа форматта өткіздік. Бұл да көп мәселені шешіп берді деп айта аламыз. 2021 жылы PhD докторантураға қабылдау тәртібін де электронды форматқа ауыстырудың дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өйткені, PhD-ға қабылдау бойынша әлі де біраз проблемалар бар. Оны біз білеміз. Сондықтан бұл мәселені де шешуіміз қажет», – деді Асхат Аймағамбетов министрліктің аппарат жиналысында.
Сонымен қатар ол ұстаздарды, оқытушыларды жұмысқа алу процедурасын тиісті деңгейге жеткізу, цифрландыру ұсыныстарының орынды екендігін баса айтты.
Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі
Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07
e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com
Бөлісу: