MISS INSTITUTE – 2025
-
14 наурыз, 2025
Бүгін Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институтының ұйымдастыруымен 1 курс студенттері арасында «Miss Institute – 2025» байқауы өтті.
Сайыста сұлулығы, ақылы және таланты үйлескен 7 ару өзара сынға түсті. Қатысу шарттарына сәйкес, бойы 165 см және одан жоғары, сауатты, анық әрі сенімді сөйлеу қабілетіне ие арулар таңдалды. Сонымен қатар өнерге жақын болуы – ән айту, би билеу, актерлік шеберлік немесе басқа да ерекше таланттың болуы маңызды шарттардың бірі саналды.
Сайыс қорытындысы бойынша «Тарих-қоғамтану IP» білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Арайлым Қуандық – ІІІ орын, «Әлеуметтану» білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Асел Баймырзаева – ІІ орын, ал «Мәдени тынығу жұмысы» білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Сабина Қуанышқызы І орынға ие болды.
«Қатысушылардың бәрі – кіл мықтылар, әрқайсысы өз алдына ерекше. Солардың арасында өз дарыныммен, талантыммен және еңбегімнің нәтижесінде І орынға қол жеткіздім. Қуанышымда шек жоқ!» – деді Сабина Қуанышқызы.
Айта кетейік, әр институт бойынша жеңіске жеткен «Miss Institute – 2025» арулары іріктеле келе, алдағы уақытта «Miss QuzPU» байқауында сынға түседі.
Бөлісу: