Ана тілі – ардағым



    • Ана тілі – ардағым

      Бүгін Алмалы аудандық ардагерлер кеңесі, Сералы Қаниев атындағы Ғылыми кітапхана және Филология институты 1 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Ана тілі – ардағым!» атты іс-шара өтті.

      Мақсаты – білім алушыларға ана тілінің құндылығын ұғындыру, тілді құрметтеуге тәрбиелеу, сондай-ақ Отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру болды.

      «Ана тілі – ардағым!» атты шара үш негізгі бөлімнен тұрды: «Ана тілім – асыл қазынам», «Жұмысшы – мерейлі мамандық» және «Ерлік – ұмытылмайды!»

      Жиын барысында Ұлы Отан соғысы (1941-1945 жж.) жылдарындағы батырларымыздың ерлігі дәріптелді, сонымен қатар 2024 жыл «Жұмысшы және мамандықтар жылы» деп жарияланғанын ескере отырып, еңбек адамдарының қоғамдағы орны мен маңызы ерекше атап өтілді.

      Бұл шара жас ұрпаққа ана тілін қадірлеу мен ұлттық болмысты сақтаудың маңыздылығын терең ұғындырып, оларды елін, жерін сүюге тәрбиеледі.

       

      Бөлісу: