Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің докторанты QyzPU базасында докторлық диссертациясын қорғады



    • Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің докторанты QyzPU базасында докторлық диссертациясын қорғады

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті жанындағы «8D02301 – Филология» білім беру бағдарламасы бойынша Диссертациялық кеңесінде Кенбаева Айнур Зинеловнаның докторлық диссертация қорғауы өтті.

      Диссертацияның тақырыбы: «Түркі халықтары фольклорындағы топонимдердің типологиясы мен поэтикасы». Диссертация «Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ орындалған.

      Отандық ғылыми кеңесшісі: Пангереев Абат Шамұлы – филология ғылымдарының докторы «Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ.

      Шетелдік ғылыми кеңесшісі: Орхан Сөйлемез – Түркия Республикасы, Кастамону университеті, Әдебиет факультетінің қазіргі түрік диалектілері мен әдебиеттері бөлімінің профессоры, PhD.

      Рецензенттер: Салтақова Жанат Тоқтарқызы – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті «М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты» жетекші ғылыми қызметкері, PhD; Бисенғали Ақмарал Зинол-Ғабденқызы – «А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты» аға ғылыми қызметкері, PhD.

      Диссертациялық кеңестің тұрақты мүшелері: Кеңес төрағасы – Ермекова Тыныштық Нұрдаулетқызы (филология ғылымдарының докторы, профессор, QyzPU);Кеңес төрағасының орынбасары – Таңжарықова Алуа Василийқызы (филология ғылымдарының докторы, профессор, Abai University ); Кеңес мүшесі – Сұлтанова Бибігүл Мыңбаевна (филология ғылымдарының кандидаты, профессор м.а., QyzPU); Кеңестің ғалым хатшысы – Рысқұлбек Дидар Жылқыбайқызы (PhD, QyzPU).

      Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері: Мауленов Алмасбек Анықбекұлы – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Жамбыл атындағы қазақ фольклоры мен әдебиетін ғылым-зерттеу Орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор; Бижомарт Қапалбек Сейсенбекұлы – Мемлекеттік тілді дамыту институтының атқарушы директоры,  филология ғылымдарының кандидаты; Досжанова Райхан  Социалқызы  – Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы.

      Қорғауға қатысушы ғалымдар диссертация тақырыбының өзектілігі мен жаңашылдығына жоғары баға бере отырып, оң пікір білдірді. Диссертациялық кеңес жұмысына белсене қатысқан әріптестерімізге алғыс айтамыз!

       

       

       

       

       

       

       

       

       

      Бөлісу: