QyzPU-да ағартушы, «Отбасы хрестоматиясы» жобасының авторы Санжар Керімбаймен кездесу өтті
-
12 наурыз, 2025
Бүгін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Жас тарихшы» үйірмесінің ұйымдастыруымен шығыстанушы, ағартушы, «Отбасы хрестоматиясы» жобасының авторы Санжар Керімбаймен ашық сұқбат форматында кездесу өтті.
Кездесу барысында студенттер тарих пен бүгінгі күннің байланысын, ұлттық сананың қалыптасу жолдарын және «Кімбіз? Қайда барамыз?» деген өзекті сұрақтарға жауап іздеді.
Спикер өз ойларын терең философиялық және тарихи талдаулармен бөлісіп, жастардың қызығушылығын оятты. Әсіресе, алда келе жатқан Наурыз мерекесінің мәні мен маңызы, оның кеңестік кезеңде ұмыт бола жаздап, Өзбекәлі Жәнібековтің еңбегімен қайта жаңғырғаны туралы әңгіме студенттерге ерекше әсер етті.
Іс-шара соңында қатысушылар өз сауалдарын қойып, пікір алмасу мүмкіндігіне ие болды. Студенттер рухани және тарихи танымдарын кеңейтіп, жаңа көзқарастарға ие болғанын атап өтті.
«Жас тарихшы» үйірмесі алдағы уақытта да осындай мазмұнды шараларды ұйымдастыруды жалғастырмақ.
Бөлісу: