Қауіпсіздік – басты назарда: QyzPU-да сейсможаттығу өтті



    • Қауіпсіздік – басты назарда: QyzPU-да сейсможаттығу өтті

      Бүгін Азаматтық қорғау заңына сәйкес сағат 10:00-де Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің қызметкерлері мен студенттері арасында сейсможаттығу өтті.

      Сейсможаттығудың басты мақсаты – төтенше жағдайлар кезінде іс-әрекет жасауға дайындық деңгейін арттыру және қауіпсіз орындарға эвакуациялау маршруттарын пысықтау. Жаттығу барысында жер сілкінісі кезінде қорғану туралы дәріс оқытылып, қызметкерлер мен студенттерге арнайы жадынамалар таратылды.

      Бұл сейсможаттығу төтенше жағдайларға дайындықты арттыруға және қатысушылардың қауіпсіздік ережелерін іс жүзінде меңгеруіне мүмкіндік берді. Мұндай шаралар төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет етуді үйретіп, адам өмірін сақтауда маңызды рөл атқарады. Қызметкерлер мен студенттердің белсенді қатысуы төтенше жағдайлар кезінде жылдам әрі дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті.

       

      Бөлісу: