Заң саласындағы әйелдер: кедергілер мен жетістіктер
-
07 наурыз, 2025
Бүгін QyzPU-да «Тұрақты даму» студенттік өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен, Халықаралық судья әйелдер күніне орай, «Заң саласындағы әйелдер: кедергілер мен жетістіктер» тақырыбында заң саласында бірнеше жылдық тәжірибесі бар адвокат Ельнура Кішкенебаева және Құндыз Утебековамен кездесу өтті.
Кештің басты мақсаты – әйелдердің сот жүйесіндегі маңызды рөлін, сот төрелігі мен заңның үстемдігін қамтамасыз етуге қосқан үлесін көрсету, олардың кәсіби жетістіктерін насихаттау және құқық саласындағы гендерлік теңдік мәселелерін талқылау.
Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, заң саласындағы әйелдердің рөлі туралы құнды ақпарат алды.
Сонымен қатар сот билігіндегі әйелдердің кәсіби жетістіктері талқыланып, әділдік пен теңдік қағидаттары туралы сөз қозғалды.Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде бұл күн ерекше форматта атап өтіліп, студенттерге ұмытылмас әсер сыйлады.
Бөлісу: