«Қарызсыз қоғам» шеберлік  сыныбы



    • «Қарызсыз қоғам» шеберлік  сыныбы

      Қыздар көшбасшылығы мен кәсіпкерлік орталығы студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыру және заңгерлік көмек көрсету бойынша «Қарызсыз қоғам» тақырыбында тегін шеберлік сыныбын өткізді.

      Бұл шараның негізгі мақсаты – азаматтарға қарыз алу мәселелерінің құқықтық аспектілерін түсіндіру, қаржылық қиындықтардың алдын алу және борышкерлердің құқықтары мен міндеттері туралы жан-жақты ақпарат беру.

      Шара барысында студенттер қаржылық сауаттылық деңгейін арттырып, жеке қаражатты тиімді басқару мен қаржылық шешімдерді дұрыс қабылдауды үйренді. Олар несие алу және қарыз міндеттемелері туралы мағлұмат алып, қандай жағдайларда несие алу тиімді немесе тиімсіз екенін түсінді.

      Сонымен қатар қатысушылар қарыздық дауларды сотқа жүгінбей шешу жолдарын меңгеріп, қарыз мәселелерін реттеудің тиімді әдістерін қарастырды. Олар несие бойынша пайыздық мөлшерлемелерді есептеуді, артық төлемдерден сақтану тәсілдерін және қаржы пирамидалары мен алаяқтық схемалардан қорғану әдістері туралы құнды ақпарат алды.

      Бұдан бөлек, қатысушылар борышкердің құқықтары мен міндеттерімен танысып, заңнамалық нормаларды меңгерді. Олар өз құқықтарын қорғауды үйреніп, заңгерлер мен қаржы саласындағы сарапшылардан тегін кеңес алу мүмкіндігіне ие болды.

      Бұл шеберлік сыныбы қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге және қарызсыз өмір сүруге бағытталды. Студенттер қаржылық сауаттылығын арттырып, болашақта материалдық қиындықтардың алдын алуға көмектесетін маңызды білім алды.

      Бөлісу: