Зертте, талда, жаз!
-
06 наурыз, 2025
Бүгін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Жаратылыстану институты, химия кафедрасының профессор міндетін атқарушы, химия ғылымдарының кандидаты Гүлбайра Азимбаева химиядағы ғылыми мақала негіздері туралы «Зертте, талда, жаз!» атты дәріс-семинар өткізді.
Іс-шараға университетіміздің бакалавриат студенттері қатысты. Кездесу барысында қатысушылар ғылыми мақаланың құрылымы мен мазмұнын жазу жөнінде құнды ақпарат алды.
Сонымен қатар кездесуде ғылыми жұмыс жазудағы қазіргі талаптар, академиялық адалдық, плагиаттың алдын алу, сапалы мақала дайындау және жариялау мәселелері талқыланды.
Бұл дәріс-семинар ғылыми зерттеулер жүргізуде маңызды дағдыларды игеруге, академиялық адалдықты сақтауға, плагиаттың алдын алуға және бакалавриат студенттеріне ғылыми жұмыстарын жоғары стандарттарға сай орындауға бағыт-бағдар берді.
Бөлісу: