QyzPU Баку қаласында өткен «Study in Kazakhstan» көрмесіне қатысты



    • QyzPU Баку қаласында өткен «Study in Kazakhstan» көрмесіне қатысты

      Бүгін Әзербайжан астанасында Қазақстандық университеттердің «Study in Kazakhstan» ауқымды көрмесі өтуде.

      Қазақстанның 26 жоғары оқу орны, оның ішінде QyzPU, Бакудың студенттері мен мектеп оқушыларына, яғни болашақ талапкерлерге өз университеттерінің білім беру бағдарламаларымен таныстырып, Қазақстанда білім алуға шақырды.

      «Study in Kazakhstan» көрмесі – Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды шара. Бұл көрме Қазақстанның жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын таныстырып қана қоймай, екі ел арасындағы мәдени және академиялық байланыстарды күшейтуге мүмкіндік береді. Болашақ талапкерлер үшін Қазақстанда білім алудың жаңа мүмкіндіктері ашылып, академиялық ұтқырлық пен халықаралық тәжірибе жинақтау жолында маңызды қадам жасалды.

      Бөлісу: