«Qyzdar Ýniversiteti» газетінің биылғы алғашқы саны шықты



    • «Qyzdar Ýniversiteti» газетінің биылғы алғашқы саны шықты

       АЛМАТЫ. 1 ақпан. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Qyzdar Ýniversiteti» газетінің биылғы жылғы алғашқы нөмірі жарық көрді.

      Оқу орнының жылнамасын түзіп, шежіресін жазып келе жатқан басылым 2021 жылдан бастап 12 бет болып оқырманға жол тартып отыр.

      20 жылға жуық білім мен ғылым қарашаңырағының «көзі, құлағы һәм тіліне» айналған газет оқырманның талғамы, заманның талабына сай сараптамаларға, рухани-танымдық материалдарға көбірек басымдық бермек.

      Газет оқу орнындағы ақпараттар мен жаңалықтарды жариялаумен ғана шектелмей, білім және ғылым саласындағы маңызды да өзекті мәселелерді көтерген мақалаларды қамтуды қолға алады.

      Айта кетейік, 2018 жылы «Qyzdar Ýniversiteti» басылымына дизайндық және мазмұндық ребрендинг жасалып, оған жан-жақты өзгерістер енгізілген болатын. Бүгінде газет айына бір рет D2 форматында түрлі-түсті болып шығады.

      «Qyzdar Ýniversiteti» газетінің 2021 жылғы қаңтар айындағы нөмірін мына жерден жүктеуге болады.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com 

      Бөлісу: