QYZPU БАКУ ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІМЕН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЮҒА КЕЛІСІМ ЖАСАДЫ



    • QYZPU БАКУ ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІМЕН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЮҒА КЕЛІСІМ ЖАСАДЫ

      4-5 наурыз аралығында өтіп жатқан Study in Kazakhstan жәрмеңкесі аясында QYZPU Баку Еуразия университетімен меморандумға қол қоюға келісім жасады.

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің делегациясы Басқарма Төрағасы-Ректор Гүлмира Қанайдың басшылығымен Баку Еуразия университетінің Ректоры  Саявуш Гасымов және Халықаралық қатынастар жөніндегі Проректоры Севда Рзаевамен кездесті.

      Кездесу барысында тараптар арасындағы өзара тиімді қатынастарды нығайту, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, ғылым мен мәдениет, ғылыми-зерттеу саласындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында меморандумға қол қоюға келісімге келді.

      Бұл меморандум екі университет арасындағы серіктестікті нығайтып, білім алмасу мүмкіндіктерін кеңейтеді. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы студенттерге тілдік және мәдени тәжірибе жинақтауға жол ашып, олардың кәсіби және академиялық дамуына оң ықпал ететін маңызды қадам болмақ.

      Бөлісу: