Педагогикалық практиканың қорытынды конференциясы
-
03 наурыз, 2025
Бүгін Мектепке дейінгі білім беру кафедрасында педагогикалық практика бойынша қорытынды конференция өткізілді.
Конференцияның мақсаты – базалық және бейіндік пәндерді оқу процесінде алынған теориялық білімді бекіту және тереңдету, сондай-ақ студенттердің кәсіби қызметке практикалық дайындығын қалыптастыру.
Академиялық күнтізбе бойынша 2025 жылдың 20 қаңтарынан 1 наурызына дейін 3 курс (4 жылдық), 2 курс (3 жылдық) «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешісі және логопеді» білім беру бағдарламаларының студенттері Алматы қаласындағы «№187, 90, 57, 188, 16, 91, 11, 140 бөбекжай-балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарында педагогикалық практикадан өтті.
Студенттер ұйымдастырылған іс-әрекет, режимдік процестер, тәрбие шараларын өткізу, мәдени іс-шаралар және басқа да іс-әрекет түрлері бойынша есептерін ұсынды. Олар «ойын арқылы оқыту» сияқты оқыту формасын белсенді түрде қолдануды, балалардың негізгі дағдыларын дамытуға бағытталған (Қазақстан Республикасының Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделі) іс-тәжірибелерін көрсетті, ұлттық құндылықтарға негізделген балалардың негізгі дағдыларын дамытуға арналған дидактикалық материалдар әзірледі, жас балаларды оқытуда жасанды интеллект пен виртуалды шындық көзілдіріктерін қолданудың мүмкіндіктерін көрсетті, балалармен жұмыс істеу үшін телеграм-каналдар, сайттар әзірледі. Практика барысында студенттер республикалық семинар, шеберлік сыныбы, семинар-практикум сияқты іс-шараларға қатысып, тәжірибе жинақтады.
Студенттер пікірлерімен бөлісіп, қызықты идеялар, ұсыныстар мен кеңестер ұсынды, сондай-ақ практика жетекшілерінен кеңестер тыңдады.
Педагогикалық практика – оқу процесінің маңызды бөлігі. Оның негізі – студенттердің таңдаған білім беру бағдарламасы бойынша практика жағдайында жұмыс істеу дағдыларын дамыту және университетте алған теориялық білімдерін бекіту.
.
Бөлісу: