QyzPU студенттері «Отбасы банк» өкілдерімен кездесті



    • QyzPU студенттері «Отбасы банк» өкілдерімен кездесті

      Бүгін «Отбасы банк» басшылары мен қызметкерлері Филология институтының студенттерімен кездесу өткізді.

      Шараның негізгі мақсаты – университет пен «Отбасы банк» арасындағы ынтымақтастықты күшейту, білім алушылардың экономикалық дамуына қолдау көрсету, банк саласындағы тәжірибелі мамандардан кеңес алу және «Отбасы банк» негізгі бағдарламалары аясында байланыстар орнату мүмкіндіктерін қамтамасыз ету.

      Кездесу барысында Филология институтының директоры Күнипа Ахатовна «Қыздардың баспана бағдарламалары» туралы сөз сөйлеп, өзекті ойларымен бөлісті. Сондай-ақ университетте «Отбасы банк» қызметкерлері «Наурыз» және «Наурыз отау» бағдарламалары, Ұлттық қор және қыздарға арналған жинақ шоттары жайында құнды ақпарат ұсынды.

      Жиынға қатысқан студенттер «Жинақ қоры» және «Тиімді ипотекалар» тақырыптары бойынша өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мазмұнды әрі нақты жауаптар алды.

      Кездесу соңында қонақтар университеттің 1-2 курс студенттеріне маңызды «Ипотека» тақырыбы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қыздарға «Отбасы банктен» есепшот ашу мүмкіндіктерін таныстырды және пәтер алу жөніндегі ниеттерін білдірді.

      Бұл кездесу ұстаздар мен студенттер қауымы үшін өзекті ақпаратпен бөлісуге және тәжірибе алмасуға мүмкіндік берген маңызды шара болды. Мұндай басқосулар қыздардың экономикалық сауатын арттыруға, педагогтардың кәсіби дамуына және болашақта баспана алуға дайындық үдерісін жетілдіруге ықпал ететіні сөзсіз.

       

       

       

      Бөлісу: