Педагогтардың жалпы білім беру мекемелерінде инклюзивті құзыреттілікті қалыптастыру
-
03 наурыз, 2025
Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы мен QyzPU Менталды денсаулық орталығы мамандарымен инклюзивті білім беру саласындағы жас педагогтарды оқыту бойынша «Педагогтардың жалпы білім беру мекемелерінде инклюзивті құзыреттілікті қалыптастыру» тақырыбында инклюзивті және интеграцияланған модульдік оқу басталды.
Бұл оқу бағдарламасы 5 модульден тұрады және бастауыш сынып мұғалімдеріне, пән мұғалімдеріне, сондай-ақ психолого-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің мамандарына ғылыми зерттеулер мен әдістемелік көмек көрсетуге бағытталған.
Бағдарлама спикерлері: Психология ғылымдарының докторы, профессор Раушан Бейдалиевна Каримова және коуч-психолог Сара Смановна Мусина. Раушан Каримова инклюзивті білім беру процесін дамытуға және педагогтардың нейропедагогика, нейропсихология және ғылыми зерттеулер саласындағы кәсіби дағдыларын мен құзыреттіліктерін қалыптастыруға үлкен үлес қосты.
Лекциялар барысында балалардың дамуындағы әртүрлі ауытқуларды түзету әдістері мен клиникалық-психологиялық формалары қарастырылды.
Жылдам өзгеріп жатқан технологиялар мен қоғам алдындағы күрделі сын-тегеуріндер жағдайында білімді үнемі жаңартып отыру және оларды практикалық жағдайларда тиімді қолдана білу табыстың басты факторларына айналуда. Біз осы бағдарлама аясында өткізілген оқытудың жоғары деңгейде өткенін ерекше атап өтеміз!
Бөлісу: