Елбасының «Алғыс» хатымен марапатталды



    • Елбасының «Алғыс» хатымен марапатталды

      АЛМАТЫ. 1 ақпан. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Жаңагүл Сұлтанова Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Алғыс» хатымен марапатталды.

      Алғыс Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауында белсенділік танытып, «Nur Otan» партиясының айқын басымдықпен жеңіске жетуіне қосқан үлесі үшін беріліп отыр.

      «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында нұротандықтардың ел азаматтарымен бірлесе қол жеткізген бұл жеңісінің халқымыздың бірлігі мен мемлекетіміздің орнықты дамуы үшін маңызы ерекше. Алдағы уақытта «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламаларын іске асыруда табандылық таныта беретініңізге сенемін. Сізге және отбасыңызға зор денсаулық, амандық, бақ-береке тілеймін», – делінген «Алғыс» хатта.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны:+7 727 237 00 07

      e-mail:kyzdaruniversity_press@gmail.com

      Бөлісу: