QyzPU мен Сассекс университетінің бірлескен жобасы өз мәресіне жетті



    • QyzPU мен Сассекс университетінің бірлескен жобасы өз мәресіне жетті

      Бүгін ағылшын тілі мұғалімдері мен оқытушыларына арналған «Embedding an Inclusive Joy of Not Knowing in English Language Learning» атты халықаралық курс өз мәресіне жетті.

      Іс-шара Британдық Кеңестің қолдауымен, Сассекс университетінің шетелдік тыңдаушылары, дәріскерлері мен спикерлерінің қатысуымен ұйымдастырылды.

      Курс ағылшын тілін оқытуда инклюзивті тәсілді дамытуға бағытталған, білім берудің негізгі аспектілерінің бірі болды. Шараға қатысушылар Қазақстан мен Өзбекстанның халықаралық мектептері мен педагогикалық жоғары оқу орындарынан келіп, білім беру саласында тәжірибе мен озық әдістермен алмасу үшін бірегей платформаға айналды.

      QyzPU мен Сассекс университетінің бірлескен жобасы инклюзивті оқыту саласындағы білімдер мен дағдыларды тереңдетуге көмектесетін дәрістер, мастер-класстар және пікірталастардан тұрды. Қатысушылар мұнда теориялық білім алып қана қоймай, оларды іс жүзінде қолдануға мүмкіндік алды.

      Шара лекторлары Сассекс университетінің оқытушылары ағылшын тілін оқытудағы соңғы зерттеулер мен тәжірибелерімен бөлісіп, оны оқу процесінің ажырамас бөлігі ретінде қабылдауға шақырды.

      Курс соңында қатысушылар мен тыңдаушыларға Сассекс университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы сертификаттар табыстап, Марсело Старикофф өзінің «The Joy of Not Knowing» атты кітабын сыйға тартты.

      Алынған тәжірибе мен білім ағылшын тілін оқыту процесін жаңа деңгейге көтеруге ықпал ететіні сөзсіз.

       

       

       

       

      Бөлісу: