Қош бол, студенттік шақ!



    • Қош бол, студенттік шақ!

      Бүгін Физика, математика және цифрлық технологиялар институтында дәстүрлі «Қош бол, студенттік шақ!» атты түлектерді шығарып салу кеші өтті. Бұл күн – үлкен өмірге қадам басқалы тұрған түлектер үшін ерекше әрі ұмытылмас сәттердің бірі болды.

      Кештің шымылдығын «Қыз Жібек» клубының «Flame Voice» музыкалық тобы ашып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әсем әуен мен әсерлі атмосфера мерекенің салтанатын арттыра түсті.

      Салтанатты шарада Физика, математика және цифрлық технологиялар институтының директоры Гульназ Салгараева сөз сөйлеп, түлектерге жүрекжарды лебізін білдірді. Ол өз сөзінде студенттердің институт өміріне қосқан үлестерін ерекше атап өтіп, олардың болашақта үлкен жетістіктерге жететініне сенім білдірді.

      Кеш барысында түлектердің студенттік жылдардағы қызықты сәттері мен жетістіктері көрсетілген бейнеролик ұсынылды. Бұл ролик олардың университет қабырғасындағы маңызды әрі есте қаларлық сәттерін еске түсірді.

      Сонымен қатар айтулы күнде талантты жастар өз өнерлерін көпшілікке паш етті. Бұл кеш – тек қоштасу ғана емес, сонымен бірге жаңа белестерге бастайтын маңызды кезеңнің бастауы болды.

      Түлектерге ақ жол, жарқын болашақ, зор жетістіктер тілейміз!

       

      Бөлісу: